Categories: DÜNYA

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді 2022 жылғы 17 наурыз

Жаңалықтар
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді
2022 жылғы 17 наурыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті.

– Өзара ықпалдастық аясында зор нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

 

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақтылады.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Қазақстанға кезекті рет сапармен келуге шақырды.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-europalyk-kayta-kuru-zhane-damu-bankinin-prezidenti-odil-reno-bassomen-kezdesu-otkizdi-1723352

 

 

zline

Recent Posts

IV Beynəlxalq Bəstəkarlar Müsabiqəsinin qalibləri açıqlanıb

IV Beynəlxalq Bəstəkarlar Müsabiqəsinin qalibləri açıqlanıb.

48 dakika ago

В Цимлянске Ростовской области при поддержке «Единой России» открыли мемориальный знак в память о жертвах авиакатастрофы 1964 года

В Цимлянске Ростовской области при поддержке «Единой России» открыли мемориальный знак в память о жертвах…

2 saat ago

Nizhny Novgorod’da Birleşik Rusya’nın girişimiyle Askeri-Yurtsever Eğitim Merkezi oluşturulacak

Nizhny Novgorod'da Birleşik Rusya'nın girişimiyle Askeri-Yurtsever Eğitim Merkezi oluşturulacak.

3 saat ago

При поддержке единороссов в Волово Липецкой области появился новый детский автогородок

При поддержке единороссов в Волово Липецкой области появился новый детский автогородок.

4 saat ago

Birleşik Rusya’nın desteğiyle Hantı-Mansi Özerk Okrugu’nda bölgeler arası boks turnuvası düzenlendi

Birleşik Rusya'nın desteğiyle Hantı-Mansi Özerk Okrugu'nda bölgeler arası boks turnuvası düzenlendi.

5 saat ago

Danimarkada yaşayan azərbaycanlı alim medalla təltif olunub

Danimarkada yaşayan azərbaycanlı alim medalla təltif olunub.

14 saat ago