Categories: DÜNYA

Қазақстан мен Того президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан мен Того президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2023 жылғы

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қазақстан Президенті Того делегациясына ілтипат білдіре отырып, достас екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 10 жылдығы қарсаңында Астанада өтіп жатқан бұл сапардың символдық мәні бар екенін атап өтті.

 

 

 

– Бүгінгі келіссөздер екіжақты байланыстардың жаңа кезеңін айқындап, өзара тиімді ынтымақтастығымыздың перспективті бағыттарын зерделеуге зор мүмкіндік береді. Біз Тогомен арадағы ықпалдастықты нығайтуға мүдделіміз және Сіздің еліңізді Африкадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент екі елдің бір-бірінен алыс жатқанына қарамастан, ортақ тұстары көп екеніне, атап айтқанда, көпконфессиялы және көпэтносты құрамымен ерекшеленетініне тоқталды.

– Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту – біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Того арасындағы серіктестіктің әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Оны дамыту үшін екіжақты құжаттарға, соның ішінде инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қою қажет.

 

 

 

Қазақстан Президенті екіжақты сауда-саттықты өркендету және іскер топтар арасындағы байланысты нығайту маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанның Тогодағы Құрметті консулы лауазымына лайықты кандидатты анықтауды ұсынды. Мемлекет басшысы мұндай қадам екі ел арасында B2B форматындағы байланыстарды дамытуға септігін тигізеді деп есептейді.

– Бүкіл әлемдегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысу ісінде Қазақстан мен Того сияқты мемлекеттер мейлінше белсенді және конструктивті рөл атқара алады деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Фор Гнассингбе құрмет көрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғыс айтып, өзара мүддені көздейтін экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастық орнатуға бейілді екенін растады.

– Қазақстанға сапармен келуге шақыруыңыз біздің қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қазақстан мен Тогоның стратегиялық серіктес болуға мүмкіндігі бар. Сіздің еліңіздің экономикалық әлеуеті зор. Біздің делегация сауда, экономика, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Жан-жақты байланыс орнатуға бағытталған келіссөздеріміз қос тараптың өзара ықпалдастықты тереңдетуге ниетті екенін айқын көрсетті, – деді Того Президенті.

 

 

 

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Того арасындағы серіктестікті дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ келіссөз барысында саяси диалогты жолға қоюға, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, денсаулық сақтау және әскери өнеркәсіп бағытында өзара ықпалдастық орнатуға ерекше назар аударылды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-togo-prezidentteri-keneytilgen-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-28105129

 

 

 

zline

Recent Posts

Meeting of the Deputy Minister with the Secretary General of the Organization of Islamic Cooperation

Meeting of the Deputy Minister with the Secretary General of the Organization of Islamic Cooperation.

14 dakika ago

Bakan Yardımcısının İslam İşbirliği Teşkilatı Genel Sekreteri ile görüşmesi

Bakan Yardımcısının İslam İşbirliği Teşkilatı Genel Sekreteri ile görüşmesi.

10 saat ago

Tacikistan ile Almanya arasında siyasi istişareler

Tacikistan ile Almanya arasında siyasi istişareler.

12 saat ago

Political сonsultations between Tajikistan and Germany

Political сonsultations between Tajikistan and Germany.

12 saat ago

Birleşik Rusya, sambo’yu zorunlu beden eğitimi dersi haline getirmeyi teklif ediyor

Birleşik Rusya, sambo'yu zorunlu beden eğitimi dersi haline getirmeyi teklif ediyor.

16 saat ago

Birleşik Rusya, Hantı-Mansi Özerk Okrugu’nda okul çocukları için bir sosyal yardım merkezine gezi düzenledi

Birleşik Rusya, Hantı-Mansi Özerk Okrugu'nda okul çocukları için bir sosyal yardım merkezine gezi düzenledi.

17 saat ago