Categories: SİYASET

Президент Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Жаңалықтар

Ақорда

 

 

 

 

 

Президент Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

 

 

 

 

2023 жылғы

 

 

 

 

 

Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамытуға және мемлекетаралық қатынастарға тың серпін беруге бағытталған қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіре отырып, бүгін Астанада өткен маңызды бастама – «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» атты шараны қолдағаны және жиынға белсенді қатысқаны үшін Олий Мәжілісі Сенатының төрағасына ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы осы алаңның бірінші отырысының қорытындысы өңірдегі өзара іс-әрекетті жандандыруға ықпал ететініне, Орталық Азиядағы гендерлік теңдік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету бағытында ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

 

 

 

Президент Сенат төрағасының сапары екіжақты ынтымақтастықтың ерекше сипатының жарқын көрінісі екенін және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне сай келетінін атап өтті.

 

 

 

– Былтыр желтоқсан айында Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарымның нәтижесін жоғары бағалаймыз. Биыл 3 наурызда Шымкентте өткен бейресми кездесу барысында елдеріміз арасындағы өзара іс-әрекеттің өзекті мәселелері талқыланды. Тек үкімет деңгейінде ғана жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ, парламентаралық дипломатия да белсенді дамып келе жатыр. Бұл – қуантарлық жайт. Сондықтан келесі жылы екінші Парламентаралық форумның Самарқанд қаласында өткізілуін құптаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

 

Өз кезегінде Танзила Нарбаева құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.

 

 

 

– Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформаларды жоғары бағалаймыз. Сізді Қазақстанның бүкіл жүйесінің саяси жаңғыруына ықпал еткен ауқымды іс-шаралардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтағым келеді. Еліңіз тура жолмен келеді және халық іске асырылып жатқан реформаларыңызды белсенді қолдайды. Біз бұған қуаныштымыз, – деді Сенат төрағасы.

 

 

 

 

 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жүрекжарды сәлемін жолдады.

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-ozbekstan-respublikasy-oliy-mazhilisi-senatynyn-toragasy-tanzila-narbaevany-kabyldady-1955636

zline

Recent Posts

İlham Aliyev Türkiye Cumhurbaşkanı ile görüştü

İlham Aliyev Türkiye Cumhurbaşkanı ile görüştü.

24 dakika ago

Millət vəkili Məşhur Məmmədov, “Davamlı əməkdaşlıq və qarşılıqlı etimad”, ÖZEL

Millət vəkili Məşhur Məmmədov, “Davamlı əməkdaşlıq və qarşılıqlı etimad”, ÖZEL.

8 saat ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, yapımı devam eden Rauf Raif Denktaş Anıtı ve Cumhuriyet Parkını ziyaret etti, yerinde incelemeler yaparak, yetkililerden bilgi aldı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, yapımı devam eden Rauf Raif Denktaş Anıtı ve Cumhuriyet Parkını ziyaret etti,…

10 saat ago

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

10 saat ago

Devlet Başkanı, Cumhurbaşkanı Recep Tayyip Erdoğan’la görüştü

Devlet Başkanı, Cumhurbaşkanı Recep Tayyip Erdoğan'la görüştü.

13 saat ago

Глава государства встретился с Президентом Турции Реджепом Тайипом Эрдоганом

Глава государства встретился с Президентом Турции Реджепом Тайипом Эрдоганом.

14 saat ago