Categories: BugünGÜNDEM

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады

 

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады
2023 жылғы

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Әңгімелесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Шыңжаң өлкесімен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм секілді көптеген бағыт бойынша табысты қарым-қатынас жасап отыр.

 

 

 

 

 

 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестік пен мәңгілік достық рухында жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге баса мән беретінін айтты. Мемлекет басшысы екі ел арасында барлық деңгейде белсенді әрі сенімді саяси диалог қалыптасқанына тоқталып, ҚХР-ды Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

– Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаның былтыр қазан айында Қазақстанға жасаған сапары өте сәтті болғанын айтқым келеді. Бұл СOVID пандемиясы салдарынан болған ұзақ үзілістен кейінгі бірінші сапар екенін атап өттік. Біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Екі елдің үкіметтері мен тиісті аймақ басшыларына ең жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды табысты жүзеге асыру міндеті жүктелді, – деді Президент.

 

 

 

 

 

Өз кезегінде Ма Синжуй қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.

– Менің сапарымның негізгі мақсаты – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Сіздің араңыздағы маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асыру. Біз Қытайдың бір өлкесі ретінде еліміздің батысындағы мемлекеттермен қарым-қатынастарды нығайтуға жауаптымыз. Қазақстан – біз үшін өзара ынтымақтастықтың басым бағыты. Жалпы, Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы Шыңжаң арқылы жүзеге асырылады, – деді Ма Синжуй.

 

 

 

 

Кездесу соңында Президент Шыңжаң басшысының Қазақстанға сапары өңіраралық байланысты тереңдетіп, оның бағыт-бағдарын нақтылай түсуге тың серпін беретініне назар аударды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы болып қайта сайлануына байланысты оған ізгі тілегін жолдап, сәттілік тіледі.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-khr-shynzhan-uygyr-avtonomiyalyk-audany-kkp-partiya-komitetinin-hatshysy-ma-sinzhuydi-kabyldady-272297

 

 

zline

Recent Posts

ASAF ATASOY: TÜRK KARA KUVVETLERİ’MİZİN 2233’ÜNCÜ KURULUŞ YIL DÖNÜMÜ KUTLU OLSUN

ASFA GRUP Yönetim Kurulu Başkanı Hayırsever İş İnsanı Asaf ATASOY, Türk Kara Kuvvetleri Komutanlığı’nın 2233’…

21 dakika ago

Kabardey-Balkar Cumhuriyeti lideri Kazbek Kokov, cumhuriyet parlamentosu seçimlerinde Birleşik Rusya listesinin başında yer aldı

Kabardey-Balkar Cumhuriyeti lideri Kazbek Kokov, cumhuriyet parlamentosu seçimlerinde Birleşik Rusya listesinin başında yer aldı 2024…

7 saat ago

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar Manchester’deki temaslarına başladı

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar Manchester’deki temaslarına başladı 28.06.2024   https://x.com/KKTCCB/status/1806699257568653665     Shares facebook sharing buttontwitter…

8 saat ago

TURKKON GENEL BAŞKANI MÜJDAT ÇOBANOĞLU: TÜRK KARA KUVVETLERİ’MİZİN 2233’ÜNCÜ KURULUŞ YIL DÖNÜMÜ KUTLU OLSUN

Turan Devletleri Birleşik Konfederasyonu TURKKON Genel Başkanı Müjdat ÇOBANOĞLU, Türk Kara Kuvvetleri Komutanlığı’nın 2233’ üncü…

9 saat ago

SON PARTİ GENEL BAŞKANI MURAT ÇOBANOĞLU: TÜRK KARA KUVVETLERİ’MİZİN 2233’ÜNCÜ KURULUŞ YIL DÖNÜMÜ KUTLU OLSUN

SON Parti Genel Başkanı Murat ÇOBANOĞLU, Türk Kara Kuvvetleri Komutanlığı’nın 2233’ üncü yıl dönümü dolayısıyla…

9 saat ago

Trans-Hazar uluslararası taşımacılık güzergahı, Türk ülkeleri arasındaki ticari ve ekonomik ilişkilerin genişlemesine katkı sağlıyor

Trans-Hazar uluslararası taşımacılık güzergahı, Türk ülkeleri arasındaki ticari ve ekonomik ilişkilerin genişlemesine katkı sağlıyor Ankara’da…

12 saat ago