Categories: DÜNYA

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

 

 

 

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

2022 жылғы

Қазақстан Президентінің төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.

Жиынға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко қатысты.

 

Мемлекет басшысы бүгінгі іс-шара ТМД елдерінің COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.

– Шағын құрамда біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмастық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың негізгі басымдықтарын айқындадық. Бұл COVID-19-дан кейінгі ТМД-ның офлайн форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өткім келеді. Жалпы, астанамызда қайта бас қосуымыз қуанышты жайт, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекеттер басшылары бірден ресми құжаттарға қол қою рәсіміне көшуге келісті.

– Қажетті құжаттарға қол қойылып жатқанда біз ТМД Атқарушы хатшысы лауазымын ТМД Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы мәселені шағын форматта талқылағанымызды жариялағым келеді. Аталған мәселеге қатысты мен осындай ұсыныс жасадым. Себебі кеше біз АӨСШК Атқарушы хатшысы лауазымын Бас хатшы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы да Бас хатшы лауазымына өзгертілді. Негізінде, бұл атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру үшін маңызды, – деді Президент.

 

Президент сөзін қорытындылай келе, өткізілген саммиттің нәтижелі болғанын айтты.

– Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталды. Осылайша, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар құжаттарды қабылдаудан бөлек делегация басшылары, менің ойымша, ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-әрекеттің кең ауқымы және халықаралық күн тәртібі жөнінде өте пайдалы пікірталас өткізді. Осы ретте айтылған маңызды ұсыныстар мен қаралған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Бұл ортақ мақсатымызға сай келеді. Сөз соңында ТМД Атқару комитетінің қызметкерлеріне, біздің сарапшыларға, мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын дайындауға және өткізуге тікелей атсалысқан Достастықтың барлық органына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жиында ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

 

 

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасын мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының төрағасы Радик Батыршинге табыс етті.

Кездесу соңында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Достастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжат қабылданды.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-tmd-ga-mushe-memleketter-basshylary-kenesinin-kuramdagy-otyrysyna-katysty-1492732

 

 

zline

Recent Posts

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, BM Genel Sekreteri’nin Kıbrıs Özel Temsilcisi Stewart’ı kabul etti

Cumhurbaşkanı Ersin Tatar, BM Genel Sekreteri’nin Kıbrıs Özel Temsilcisi Stewart’ı kabul etti 02.07.2024   https://x.com/KKTCCB/status/1808131746292015105…

4 saat ago

“Avropada Yaşayan Azərbaycanlı Mühəndislərin Forumu”nun iştirakçıları öz təəssüratlarını bölüşüblər

“Avropada Yaşayan Azərbaycanlı Mühəndislərin Forumu”nun iştirakçıları öz təəssüratlarını bölüşüblər 2024   https://x.com/DiasporaAz/status/1808133964562842009     “Avropada…

7 saat ago

MEBRUR TURİZM İLE 2024-2025 UMRE SEZONU BAŞLAMIŞTIR

MEBRUR TURİZM İLE 2024-2025 UMRE SEZONU BAŞLAMIŞTIR Türkiye’de Dini İnanç Turları Denildiğinde İlk Akla Mebrur…

9 saat ago

TURKKON GENEL BAŞKANI MÜJDAT ÇOBANOĞLU: TÜRKİYE DEVLETİ GÜÇLÜ BİR DEVLETTİR

TURKKON GENEL BAŞKANI MÜJDAT ÇOBANOĞLU: TÜRKİYE DEVLETİ GÜÇLÜ BİR DEVLETTİR Turan Devletleri Birleşik Konfederasyonu TURKKON…

11 saat ago

Devlet Duması milletvekilleri: Rusya’nın gençliği, ülkenin kalkınmasına katkıda bulunan yaklaşık 40 milyon yetenekli çocuktan oluşuyor

Devlet Duması milletvekilleri: Rusya’nın gençliği, ülkenin kalkınmasına katkıda bulunan yaklaşık 40 milyon yetenekli çocuktan oluşuyor…

11 saat ago

Meeting with the Chairman of the Tajikistan-Saudi Arabia Interparliamentary Friendship Group

Meeting with the Chairman of the Tajikistan-Saudi Arabia Interparliamentary Friendship Group .2024   https://x.com/MOFA_Tajikistan/status/1807321313935028461 Previous…

13 saat ago