Categories: DÜNYA

Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады

2022 жылғы

Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Роберт Юксель Йылдырым Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы кальций қосылған сода шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Жобаның құны – 400 миллион доллар.

 

Сонымен қатар түрік кәсіпкері Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы «Восход» кен орнында хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қатысты инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы, еліміздің бірқатар өңірінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі «Қазгеология» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстары туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, компанияның еліміздегі инвестициялық жұмыстарын қолдайтынын жеткізді.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-yildirim-holding-kompaniyalar-tobynyn-prezidenti-ari-bas-direktory-robert-yuksel-yyldyrymdy-kabyldady-135529

 

 

zline

Recent Posts

Estoniyada Azərbaycan Mədəniyyəti Günü keçirilib

Estoniyada Azərbaycan Mədəniyyəti Günü keçirilib.

2 saat ago

Üst Düzey Yan Etkinliğe Katılım

Üst Düzey Yan Etkinliğe Katılım.

3 saat ago

Kuveyt Devleti Dışişleri Bakan Yardımcısı ile Toplantı

Kuveyt Devleti Dışişleri Bakan Yardımcısı ile Toplantı.

5 saat ago

Meeting with Deputy Minister of Foreign Affairs of the State of Kuwait

Meeting with Deputy Minister of Foreign Affairs of the State of Kuwait.

6 saat ago

Göcek’te Rober Güler’in Teknesinde Sürpriz Buluşma: Yiğit Ergin ve Yakup Biraraya geldi

Göcek’te Rober Güler’in Teknesinde Sürpriz Buluşma: Yiğit Ergin ve Yakup Biraraya geldi.

8 saat ago

Belçikada Azərbaycan mətbəxi nümayiş olunub

Belçikada Azərbaycan mətbəxi nümayiş olunub.

9 saat ago