Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
2023 жылғы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты.
Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-azerbayzhan-prezidenti-ilham-alievpen-telefon-arkyly-soylesti-24111235