Categories: DÜNYA

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

2022 жылғы

Президентке елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді. Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл 11 айда мемлекетке құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылды.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп-тексерген қылмыстық істерден тәркіленген қаржы қазірдің өзінде мектеп құрылысына жұмсалып жатыр. «Ақтөбе» ӘКК-ге қатысты қылмыстық іс аясында кінәлі тұлғалар 197 млн теңге шығынды өтеді. Қаражаттың негізгі бөлігі ауыл мектебінің құрылысын аяқтауға жұмсалды.

Президентке сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Олжас Бектенов көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы салаларына, көші-қон қызметінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және «Қазақстан темір жолы» АҚ жұмысына сыртқы талдау аяқталғанын жеткізді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 2 мыңнан астам ұсыныс әзірленді.

Мемлекет басшысы елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-is-kimyl-agenttiginin-toragasy-olzhas-bektenovti-kabyldady-1511122

 

 

zline

Recent Posts

Cumhurbaşkanlığı himayesinde Cumhurbaşkanı Ersin Tatar’ın eşi Sibel Tatar öncülüğünde 1’inci Engelli Hakları Çalıştayı, Girne Merit Royal Diamond Hotel’de gerçekleşti

Cumhurbaşkanlığı himayesinde Cumhurbaşkanı Ersin Tatar’ın eşi Sibel Tatar öncülüğünde 1’inci Engelli Hakları Çalıştayı, Girne Merit…

1 saat ago

Meeting of compatriots in Germany

Meeting of compatriots in Germany .2024 Previous Next   Meeting of compatriots in Germanyhttps://t.co/TxbI1c7kBL pic.twitter.com/i7EkjF6gQ2…

3 saat ago

“Birleşik Rusya” Petropavlovsk-Kamchatsky’nin okul çocukları için sinemaya bir gezi düzenledi

“Birleşik Rusya” Petropavlovsk-Kamchatsky’nin okul çocukları için sinemaya bir gezi düzenledi 2024 Beş okuldan 150’den fazla…

4 saat ago

Suudi Arabistan’ın Medine Valisi ile Görüşme

Suudi Arabistan’ın Medine Valisi ile Görüşme ,2024,.jpeg   Meeting with the Governor of Madinah Province…

5 saat ago

“Birleşik Rusya” “Lugansk – Moskova: yüksek öğrenim için ortak bir kurs” projesini başlattı

“Birleşik Rusya” “Lugansk – Moskova: yüksek öğrenim için ortak bir kurs” projesini başlattı   2024,…

6 saat ago

Cumhurbaşkanı tarafından belirlenen ülkenin ulusal kalkınma hedefleri hakkında. Makaleyi yazan: Andrey Isaev

Cumhurbaşkanı tarafından belirlenen ülkenin ulusal kalkınma hedefleri hakkında. Makaleyi yazan: Andrey Isaev 2024 Devlet Duması’ndaki…

15 saat ago