Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
2022 жылғы 30 мамыр
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.
Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-samuryk-kazyna-ak-baskarma-toragasy-almasadam-satkalievti-kabyldady-304621