Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
2023 жылғы
Кездесу барысында конституциялық реформаға сәйкес, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сотқа жүгіну арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілеттіктері, сондай-ақ Бас прокуратурамен өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды.
Президент қылмыстық іс бойынша сот төрелігі мен жазаның орындалу барысында азаматтарға берілетін конституциялық кепілдікті күшейту үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының нақты шаралар қабылдауы маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Омбудсмен институтын одан әрі дамытуға және оның әлеуетін нығайтуға бағытталған басым міндеттерді атап өтіп, адам және азамат құқықтарының бұзылмауына берілетін конституциялық кепілдікті одан әрі күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-adam-kukyktary-zhonindegi-uakil-artur-lastaevty-kabyldady-502526